Алматы қаласы Білім басқармасының
"М.Базарбаев атындағы №138 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 377-44-24
Есепші бөлімі:
+7(727) 377-44-24
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
октябрь
2018

Қамқоршылық кеңес №1 хаттама

№1 хаттама
«Қамқоршылық Кеңесінің » жиналысы


Өткізілген күні, орны: 05.09.2018ж

Қатысқандар саны - 17
Күн тәртібі:

1. 2018-2019 оқу жылына жоспарланған жұмыстар
-«Қамқоршылық Кеңесінің » құрамын қарау, жаңа мүшелерін сайлау
Қамқоршылық Кеңесінің төрағасы : Ақбаев Т. Ш.

Тыңдалды:

1. 2018-2019 оқу жылына жоспарланған жұмыстар
-«Қамқоршылық Кеңесінің » құрамын қарау, жаңа мүшелерін сайлау
Қамқоршылық Кеңесінің төрағасы : Ақбаев Т. Ш.

Құрметті ата-аналар! 2017-2018 оқу жылы жетістіктерге толы нәтижемен аяқталды. Елбасының «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуінде мектеп мұғалімдеріне қолдау көрсетіліп, ата-аналар тарапынан да балалары оқитын білім мекемесіне ықыласты көңіл бөлулері айтылған болатын. 2017-2018 оқу жылы «Қамқоршылық Кеңес» жұмыс жоспарындағы жоспарлаған барлық іс-шараларды өткізді. Ата-аналар гимназияда өткізілген барлық шараларға қатысты. «Қамқоршылық Кеңес» есепшотына ерікті түрде қаржы салған ата-ана болмады. Бүгінде «Қамқоршылық Кеңесінің» есепшотында қаражат жоқ.

Сөйледі:
1. Накипов Данияр Мауленович – «NDM AutoTrade» ЖШС директоры, ата-ана, Қамқоршылық кеңесінің мүшесі.
«Балалардың сапалы білім алу үшін мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалғанмен ата-аналар тарапынан қолдау көрсету дұрыс деп есептеймін. «Қамқоршылық Кеңесінің » мүшелері жоспарға сәйкес жұмыстарды талай игілікті істерге өз үлесімізді қостық. Ата-аналар арасында ,ата-аналар жиналыстарында Кеңес туралы айтылып, Қамқоршылық кеңестің мақсаты, міндеттері түсіндірілді. Жыл бойына «Қамқоршылық Кеңес» есепшотына қаражат аударған ата-ана болған жоқ.
2. Нурлибаев Нурлан Ержігітұлы – «Дала» ЖШС директоры, ата-ана, Қамқоршылық кеңесінің мүшесі.
2017-2018 оқу жылында «Қамқоршылық Кеңес» жоспарланған жұмыстарды атқарғанмен, марапаттар жасауға мүмкіншілік болмады. Биылғы жылы «Қамқоршылық Кеңес» мүшелерінің мекен—жай ауыстыруына байланысты жаңадан құрам сайланып, қызметтерін жалғастыруда.Биыл жұмысты жандандырып, үздік шыққан мұғалімдер мен оқушыларды алдағы уақытта марапатауды ұйымдастыру көзделуде.

Қаулы етті: : (Аталған мәселе бойынша қабылданған шешім)
1. «Қамқоршылық Кеңесінің » 2018-2019 оқу жылына арналған жоспар негізінде жұмыстарды ұйымдастыру директордың тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары А.Божановаға міндеттеу
-2018-2019 оқу жылына «Қамқоршылық Кеңесінің » құрамы бекітілсін.(қосымша №1)



Гимназия директоры А.Елеманова
Хатшы Т.Мауленбаева

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: