Алматы қаласы Білім басқармасының
"М.Базарбаев атындағы №138 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 377-44-24
Есепші бөлімі:
+7(727) 377-44-24
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
декабрь
2016

Мұғалімдердің жетістіктері

Мұғалімдердің жетістіктері


Дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі жетістіктері үшін «М. Базарбаев атындағы №138 гимназия» КММ педагогикалық ұжымы Алматы қаласының Әкімі Б.Байбектің Құрмет грамотасымен марапатталды.
2015-2016 оқу жылы қорытындысы бойынша Алматы қаласы білім беру ұйымдарын, Алматы қаласының Әкімі Б.Байбек 11 Үздік педагогикалық ұжым марапаттады. Осы марапаттаудың қатарында «М.Базарбаев атындағы №138 гимназия» КММ «Үздік педагогикалық ұжым» дипломымен марапатталды.
2015-2016 оқу жылында «Алматы қаласындағы білім беру ұйымдарының үздік педагогикалық ұжымын көтермелеу» байқауында аудандық кезеңде І орын, қалалық кезеңге ұсынылған гимназия портфолиосы комиссия отырысының қорытындысы бойынша ІІІ орынға ие болған гимназияның педагогикалық ұжымы мұғалімдеріне лауазымдық еңбекақысына 130% сыйақы берілді.
2015 жылы география пәнінің мұғалімі Есназарова Улжалгас Амзеевна Ресей Жаратылыстану Академиясының корреспонденті, Ресей жаратылыстану Академиясының Құрметті қызметкері атақтарын, К.Ушинский атындағы Европалық ғылыми өндірістік консорциум медалін иеленді.
География пәні мұғалімі Есназарова Улжалгас Амзеевна «Үздік педагог -2016» сайысының аудандық кезеңінде Бас жүлдені иеленеп, қалалық кезенде жеңімпаз атанған ұстаз портфолиосы Республикаға жолданды.
2016 жылы географиядан Республикалық атаулы мектеп жетекшісі, география пәнінің мұғалімі Есназарова Улжалгас Амзеевнаның БҰҰ-ның ұйымдастыруымен өтетін Қазақстан мемлекетінің «Энергия –экологиялық дамудың жаһандық дамуы» және «Жас көпір» серіктестігін құру жөніндегі ұсынысы, «Экспо-2017» Халықаралық көрмесі туралы мәліметтері енген 8-сыныпқа арналған «Қазақстаның физикалық географиясы» оқулығы Мәскеуде өткен Халықаралық кітап көрмесінде «Алтын» медальімен марапатталды.
2016 жылы Есназарова Улжалгас Амзеевна «Ресей жаратылыстану Академиясының академигі» төсбелгісімен марапатталды. Есназарова Улжалгас Амзеевна жетекшілік жасайтын Республикалық атаулы мектеп Ресейде ғылыми атаулы мектеп деп танылып, сертификат иеленді.
2015 жылы білім саласындағы қосқан қомақты үлесі, жетістіктері үшін гимназия директоры Елеманова Алия Сейдекаримовна «Алматы қаласы Көшбасшы әйелдері», «Мәртебелі мектеп директоры» кітаптарына еніп, «Мәртебелі мектеп директоры» медалі, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің 80 жылдығы медалі, Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесінің қарсаңында Б.Момышұлы атындағы «Намыс» медалімен марапатталды.
2016 жылдың 24 тамызында гимназия директоры Елеманова Алия Сейдекаримовна жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін «Ы.Алтынсарин» төс белгісімен марапатталды.
2016 жылы Астана қаласында өткен дінтану негіздері пән мұғалімдеріне арналған республикалық семинарда жастардың діни сауаттылығын арттырудағы еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі мен дін басқармасының Алғыс хатымен директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Божанова Акмарал Мелияновна марапатталды.
2015-2016 оқу жылында «Тарих және қоғамдық ғылымдар академиясы» қоғамдық бірлестігінің күміс төсбелгісімен тарих пәнінің мұғалімдері Касымова Алия Кажияхметовна, Махаева Айтбала Шайымкуловна марапатталды.
Бастауыш сынып мұғалімдері Абдуллаева Гүлсім Мубараковна, Курмашева Гульнар Мунзатовна «Білім шыңы» баспасының арнайы төсбелгісімен марапатталды.
Республикалық мұғалімдер арасында өткен қашықтық олимпиадада ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Даниярова Бейбіткүн Қаржауқызы І орынға иеленді.
ІІІ Республикалық балалар мен жасөспірімдер арасында «Атадан-мұра» өнер байқауына шәкірттерін жоғары деңгейде дайындаған музыка пәні мұғалімдері Бекенова Гульнара Турабековна, Нигматуллина Гульнар Сакеновна, Сайдуова Дидар Одакбаевна «Атадан – мұра» қоғамдық қорының Алғыс хатпен марапатталды.
2015-2016 оқу жылында мұғалімдер арасында «Мәңгілік Ел» тақырыбындағы қалалық педагогикалық оқуында директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Божанова Акмарал Мелияновна ІІІ орын иеленді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: