Алматы қаласы Білім басқармасының
"М.Базарбаев атындағы №138 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 377-44-24
Есепші бөлімі:
+7(727) 377-44-24
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Үздік мұғалім
30
октябрь
2025
Үздік мұғалім
🎉 Қуанышты жаңалық! Қала төрінде «Үздік мұғалім» ретінде суреті бейнеленген билборд орнатылған Махаева Айтбала Шайымқұловнаны шын жүректен құттықтаймыз! 🌟 Сіз – білім мен тәрбиенің шамшырағы, шәкірттерге бағыт-бағдар беретін нағыз ұстазсыз. Гимназиямыздың мақтанышысыз! 💐👏 
Есей Жеңісұлымен әсерлі кездесу
30
октябрь
2025
Есей Жеңісұлымен әсерлі кездесу
📢 Бүгінгі күн оқушылар үшін ерекше есте қалды! Спорт комментаторы, журналист Есей Жеңісұлымен әсерлі кездесу өтті. ⚽️ Жүздесу барысында оқушылар футбол әлемі жайлы терең мағлұмат алып, өз ойларымен бөлісіп, қызықты батл ойынына қатысты. Бұл кездесу жасөспірімдердің спортқа деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, жеңіске деген жігерін шыңдады. ✨ Осындай тәрбиелік мәні зор шаралар оқушылардың рухани дамуына серпін берері сөзсіз. 
«Мерейлі отбасы»
30
октябрь
2025
«Мерейлі отбасы»
📣 «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының аудандық кезеңінде үлкен қуаныш! Гимназия директоры Медет Иманбекұлы отбасымен бірге Бас жүлдені иеленді. 🏆 Бұл жеңіс – адамгершілік құндылықтарды дәріптеу, отбасының оң имиджін қалыптастыру және отбасы мәртебесін арттыру жолындағы лайықты еңбек пен үлгінің айқын көрінісі. 👏 Құттықтаймыз! Медет Иманбекұлының отбасы баршаға өнеге болып, бақыт пен берекенің символына айнала берсін! 
РЕСПУБЛИКА КҮНІ
30
октябрь
2025
РЕСПУБЛИКА КҮНІ
 Бостандық ауданы бойынша «РЕСПУБЛИКА КҮНІМЕН!» атты флешмобқа 1000-нан астам оқушы қатысты. Солардың қатарында біздің гимназияның да белсенді оқушылары болды. 💙 Олар шаттық пен мақтанышқа толы көңіл-күйі үлкен бір жүрек дүрсіліне ,бір бөлшегіне айналды!
Республика күні
30
октябрь
2025
Республика күні
Бүгін – елдік пен ерліктің, тәуелсіздік пен татулықтың мерекесі! Көк туымыз аспанда асқақ желбіреп, ұлт рухы биіктей түскен күн – Республика күні! Қайсар халқымыздың болашағы баянды, ел іргесі берік болсын! Отанымыздың абыройы асқақтап, әрбір қазақстандықтың жүрегінде елге деген сүйіспеншілік оты маздай берсін! 
Зульфия Туремуратовна-«Қазақстанның құрметті қызметкері»
30
октябрь
2025
Зульфия Туремуратовна-«Қазақстанның құрметті қызметкері»
Математика пәнінің ұстазы Зульфия Туремуратовнаны шын жүректен құттықтаймыз! 🎉 Ұстазымыздың білім беру саласында талмай еткен еңбегі еленіп, «Қазақстанның құрметті қызметкері» атағына ие болуы – зор абырой, үлкен мәртебе. Бұл марапат – Зульфия Туремуратовнаның шәкірт тәрбиелеудегі адалдығы мен кәсіби шеберлігінің, талмай төккен еңбегінің айқын жемісі. 👏 Апайымызға денсаулық, шығармашылық табыс, білім биігін бағындырар жаңа жетістіктер тілейміз! 🌺
Майра Ильясова гимназия ұстаздарын төл мерекесі – Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтады.
30
октябрь
2025
Майра Ильясова гимназия ұстаздарын төл мерекесі – Ұстаздар күнімен
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі әнші Майра Ильясова гимназия ұстаздарын төл мерекесі – Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтады. Ол өз сөзінде ұстаздық жолдың жауапкершілігі мен мәртебесін ерекше атап өтіп, білім нәрін сепкен ардақты ұстаздарға шығармашылық шабыт пен отбасылық бақыт тіледі. 📚✨ Ұстаз еңбегі – мәңгілік!