Алматы қаласы Білім басқармасының
"М.Базарбаев атындағы №138 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 377-44-24
Есепші бөлімі:
+7(727) 377-44-24
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 📚 «Бір ел – бір кітап» акциясы аясындағы аудандық байқау ✒️ «Жұмекен жырларымен рухтанған ұрпақ»
01
декабрь
2025

📚 «Бір ел – бір кітап» акциясы аясындағы аудандық байқау ✒️ «Жұмекен жырларымен рухтанған ұрпақ»

📚 «Бір ел – бір кітап» акциясы аясындағы аудандық байқау
✒️ «Жұмекен жырларымен рухтанған ұрпақ»

Қазақтың ақиық ақыны, талантты прозашысы, қоғам қайраткері және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнінің авторларының бірі Жұмекен Нәжімеденовтің 90 жылдық мерейтойына арналған аудандық байқау жоғары деңгейде өтті.

Байқаудың мақсаты – оқушылардың поэзия мен прозаға қызығушылығын арттыру, сөз өнерін құрметтеуге тәрбиелеу және ақынның шығармашылық мұрасын кеңінен дәріптеу.
Шараға қатысқан оқушылар:
— өлең оқу
— проза оқу
— ақындық қабілеттерін көрсету
бағыттарында өз өнерлерін ортаға салып, Жұмекен жырларынан рухтанған жас өнерпаздар екенін көрсетті.Осы аудандық байқауды ұйымдастырған гимназия кітапханашылары
Маншүк Ислямова мен Роза Қалқабекқызына
алғысымызды білдіреміз!
Ұйымдастырушылардың ұқыпты еңбегі мен жанашырлығы шараның жоғары деңгейде өтуіне үлкен үлес қосты.

Бұл байқау жас дарындарға шабыт сыйлап, руханиятқа деген қызығушылықты арттырған тағылымды іс-шара болды. 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: