Алматы қаласы Білім басқармасының
"М.Базарбаев атындағы №138 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 377-44-24
Есепші бөлімі:
+7(727) 377-44-24
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
WRO – World Robot Olympiad робототехника жарысы
06
май
2026
WRO – World Robot Olympiad робототехника жарысы
✨ РЕСПУБЛИКАҒА ЖОЛДАМА! Гимназиямыздың дарынды оқушылары халықаралық деңгейдегі WRO – World Robot Olympiad робототехника жарысында жоғары нәтиже көрсетіп, республика кезеңіне жолдама алды! WRO — бұл тек жарыс емес, бұл болашақ инженерлердің, бағдарламашылардың және креативті ойлайтын жастардың үлкен алаңы. Мұнда идеялар роботқа, ал арман – шындыққа айналады! Жетекшісі: Ибраимжан Жанар Нұрболқызы Жас инженерлер құрамасы: • Ақсараева Гүлнұр • Махамбет Айсултан • Эльнарұлы Әзімхан Оқушыларымызға
“Өнерлі өрге жүзеді” байқауы
06
май
2026
“Өнерлі өрге жүзеді” байқауы
🔥 БІЗДІҢ ЖЕҢІС! “Ұстаз” Алматы қалалық кәсіподақ ұйымы ұйымдастырған “Өнерлі өрге жүзеді” байқауында гимназиямыздың ұстаздар хоры 🥇 І ОРЫНДЫ ИЕЛЕНДІ! Бұл – талант, еңбек және бірліктің жеңісі! Ұжымымызды мақтан тұтамыз! Жаңа белестер бағындыра беріңіздер!  
«Математикалық регата» олимпиадасы
06
май
2026
«Математикалық регата» олимпиадасы
Жеңіс құтты болсын! 🏆✨ Гимназиямыздың мақтанышы — Айжан Қустутиновна бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған қалалық кезеңдегі «Математикалық регата» олимпиадасында жүлделі І орын иеленді. Жоғары нәтижесінің арқасында республикалық олимпиадаға жолдама алды.Бұл жетістік – кәсіби шеберлік пен үздіксіз еңбектің, білім мен ізденістің жарқын нәтижесі. Әріптесімізді шын жүректен құттықтаймыз! 💐 Алдағы республикалық кезеңде де жеңіс тұғырынан көрініп, жаңа биіктерді бағындыра беруіне тілектеспіз! 
«Өнерлі өрге жүзеді» музыкалық байқауы
06
май
2026
«Өнерлі өрге жүзеді» музыкалық байқауы
Алматы қалалық жергілікті кәсіптік одағы «Ұстаз» Бостандық аудандық филиалының ұйымдастыруымен өткен «Өнерлі өрге жүзеді» музыкалық байқауында гимназия ұстаздары “Хор” және “Ұлттық аспаптар” номинациялары бойынша жүлделі орындарға ие болды. 
Жаңашыл мектепке-жаңашыл ұстаз 2026
20
февраль
2026
Жаңашыл мектепке-жаңашыл ұстаз 2026
Бүгін кәсіби шеберлік пен жаңашыл идеялардың жарқын жеңісін танытқан гимназиямыздың жас маманы Сатанова Ақбота Асылбекқызы “Жаңашыл мектепке – жаңашыл ұстаз – 2026” байқауының жеңімпазы атанып, қалаға жолдама алды! 
«Өнерлі ұстаз»
05
январь
2026
«Өнерлі ұстаз»
Құттықтаймыз! Алматы қаласы музыка пәні мұғалімдерінің «Өнерлі ұстаз» байқауының жеңімпазы – Назым Ерболатқызы! Шәкірттері халықаралық ареналарда өнер көрсетіп жүрген, өнер мен тәрбиені қатар ұштастыра білген «Мұрагер» ансамблінің жетекшісі, ақын, музыка пәнінің кәсіби, білікті маманы – Назым Ерболатқызының бұл жеңісі маңдай тер мен тынымсыз еңбектің жемісі. Ұлттық өнерді ұлықтап жүрген еңбегіңіз әрдайым бағалана берсін! Жаңа шығармашылық белестер мен толағай табыстар тілейміз!🎶 
«Алтын тұғыр»
26
декабрь
2025
«Алтын тұғыр»
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Алтын тұғыр» республикалық олимпиадасының аудандық кезең жеңімпазы бастауыш сынып мұғалімі Айжан Кустутиновнаны құттықтаймыз.  
Біздің ұжымның мақтанышы — Махаева Айтбала Шайымқұлқызы
27
ноябрь
2025
Біздің ұжымның мақтанышы — Махаева Айтбала Шайымқұлқызы
Құттықтаймыз! Біздің ұжымның мақтанышы — Махаева Айтбала Шайымқұлқызы Алматы қаласы Білім басқармасының «2025 жылдың үздік педагогі» атағына ие болды! Сонымен қатар «Үздік педагог – 2025» қалалық конкурсына белсене қатысқаны үшін Құрмет грамотасымен марапатталды. Бұл — Айтбала Шайымқұлқызының тынымсыз еңбегінің, кәсіби шеберлігінің, жауапкершілігі мен білім сапасын арттыруға қосқан үлесінің айқын дәлелі. Ізденімпаздық пен жаңашылдықты ұштастырып, шәкірт жүрегіне жол таба білген нағыз ұстаздың
Назым Ерболатқызы Мемлекеттік жалпы орта білім беру ұйымдарының «Көркем еңбек» және «Музыка» пәндері мұғалімдері арасындағы «Өнерлі ұстаз» қалалық бай
27
ноябрь
2025
Назым Ерболатқызы Мемлекеттік жалпы орта білім беру ұйымдарының
 Құттықтаймыз! Назым Ерболатқызы Мемлекеттік жалпы орта білім беру ұйымдарының «Көркем еңбек» және «Музыка» пәндері мұғалімдері арасындағы «Өнерлі ұстаз» қалалық байқауының аудандық кезеңінде БАС ЖҮЛДЕ жеңімпазы атанды! 🏆 Педагогтердің кәсіби, әдістемелік және шығармашылық құзыреттілігін арттыру, өнер саласындағы қабілеттерін қолдау және шығармашыл ұстаздардың тәжірибесін кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылған бұл байқауда Назым Ерболатқызы өз білім-білігімен, әншілік шеберлігімен,
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ... 15 Вперед