Алматы қаласы Білім басқармасының
"М.Базарбаев атындағы №138 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 377-44-24
Есепші бөлімі:
+7(727) 377-44-24
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Жасыл мектеп"
04
июнь
2026
"Жасыл мектеп"
"Жасыл мектеп" экологиялық жобасының жүргізген жұмыстарының нәтижесінде жоба жетекшісі А.Махаева, Г.Аукенова және 12 жоба мүшесі марапатталды!
«Парасат шаңырағы»
06
май
2026
«Парасат шаңырағы»
Алматы қаласында алғаш рет ұлттық құндылықтарға негізделген ерекше білім беру кеңістігі – «Парасат шаңырағы» оқу кабинеті ашылды, кабинет ұлттық стильде жасақталған киіз үй форматында жабдықталды. Кабинет ішінде ұлттық нақыштағы бұйымдармен қатар, қазіргі білім беру талаптарына сай оқу құралдары орналастырылып, этнопедагогика бағытындағы сабақтар өткізіледі. Ашылу салтанатына ардагер ұстаздар, ғалымдар, білім беру ұйымдарының басшылары, ата-аналар, оқушылар және БАҚ өкілдері қатысты. Қонақтар
WRO – World Robot Olympiad робототехника жарысы
06
май
2026
WRO – World Robot Olympiad робототехника жарысы
✨ РЕСПУБЛИКАҒА ЖОЛДАМА! Гимназиямыздың дарынды оқушылары халықаралық деңгейдегі WRO – World Robot Olympiad робототехника жарысында жоғары нәтиже көрсетіп, республика кезеңіне жолдама алды! WRO — бұл тек жарыс емес, бұл болашақ инженерлердің, бағдарламашылардың және креативті ойлайтын жастардың үлкен алаңы. Мұнда идеялар роботқа, ал арман – шындыққа айналады! Жетекшісі: Ибраимжан Жанар Нұрболқызы Жас инженерлер құрамасы: • Ақсараева Гүлнұр • Махамбет Айсултан • Эльнарұлы Әзімхан Оқушыларымызға
“Өнерлі өрге жүзеді” байқауы
06
май
2026
“Өнерлі өрге жүзеді” байқауы
🔥 БІЗДІҢ ЖЕҢІС! “Ұстаз” Алматы қалалық кәсіподақ ұйымы ұйымдастырған “Өнерлі өрге жүзеді” байқауында гимназиямыздың ұстаздар хоры 🥇 І ОРЫНДЫ ИЕЛЕНДІ! Бұл – талант, еңбек және бірліктің жеңісі! Ұжымымызды мақтан тұтамыз! Жаңа белестер бағындыра беріңіздер!  
«Математикалық регата» олимпиадасы
06
май
2026
«Математикалық регата» олимпиадасы
Жеңіс құтты болсын! 🏆✨ Гимназиямыздың мақтанышы — Айжан Қустутиновна бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған қалалық кезеңдегі «Математикалық регата» олимпиадасында жүлделі І орын иеленді. Жоғары нәтижесінің арқасында республикалық олимпиадаға жолдама алды.Бұл жетістік – кәсіби шеберлік пен үздіксіз еңбектің, білім мен ізденістің жарқын нәтижесі. Әріптесімізді шын жүректен құттықтаймыз! 💐 Алдағы республикалық кезеңде де жеңіс тұғырынан көрініп, жаңа биіктерді бағындыра беруіне тілектеспіз! 
«Uzdik IT Ustaz»
06
май
2026
«Uzdik IT Ustaz»
Құттықтаймыз🌹🌹🌹Алматы қаласы Білім басқармасының «Алматы дарын орталығы» «Спорттық бағдарламалау Федерациясы» Республикалық қоғамдық бірлестігімен бірлескен информатика пәні мұғалімдері арасында «Uzdik IT Ustaz» Республикалық олимпиадасының қалалық кезеңінде гимназияның информатика пәні мұғалімі Ибраимжан Жанар Нұрболқызы 1 дәрежелі дипломмен марапатталып,Астана қаласында өтетін республикалық кезеңге жолдама алды. Республикалық кезеңге сәттілік тілейміз.  
«Өнерлі өрге жүзеді» музыкалық байқауы
06
май
2026
«Өнерлі өрге жүзеді» музыкалық байқауы
Алматы қалалық жергілікті кәсіптік одағы «Ұстаз» Бостандық аудандық филиалының ұйымдастыруымен өткен «Өнерлі өрге жүзеді» музыкалық байқауында гимназия ұстаздары “Хор” және “Ұлттық аспаптар” номинациялары бойынша жүлделі орындарға ие болды. 
Жаңашыл мектепке-жаңашыл ұстаз 2026
20
февраль
2026
Жаңашыл мектепке-жаңашыл ұстаз 2026
Бүгін кәсіби шеберлік пен жаңашыл идеялардың жарқын жеңісін танытқан гимназиямыздың жас маманы Сатанова Ақбота Асылбекқызы “Жаңашыл мектепке – жаңашыл ұстаз – 2026” байқауының жеңімпазы атанып, қалаға жолдама алды! 
2025–2026 оқу жылының І жартыжылдығы қорытындыланды
05
январь
2026
2025–2026 оқу жылының І жартыжылдығы қорытындыланды
2025–2026 оқу жылының І жартыжылдығы қорытындыланды 2025–2026 оқу жылының І жартыжылдығы бойынша педагогикалық кеңес өтті. Кеңесте оқу-тәрбие жұмыстарының нәтижелері талданып, білім сапасын арттыруға бағытталған өзекті мәселелер қаралды. Алдағы кезеңге арналған нақты мақсаттар мен нәтижеге бағытталған шешімдер қабылданды. 
«Өнерлі ұстаз»
05
январь
2026
«Өнерлі ұстаз»
Құттықтаймыз! Алматы қаласы музыка пәні мұғалімдерінің «Өнерлі ұстаз» байқауының жеңімпазы – Назым Ерболатқызы! Шәкірттері халықаралық ареналарда өнер көрсетіп жүрген, өнер мен тәрбиені қатар ұштастыра білген «Мұрагер» ансамблінің жетекшісі, ақын, музыка пәнінің кәсіби, білікті маманы – Назым Ерболатқызының бұл жеңісі маңдай тер мен тынымсыз еңбектің жемісі. Ұлттық өнерді ұлықтап жүрген еңбегіңіз әрдайым бағалана берсін! Жаңа шығармашылық белестер мен толағай табыстар тілейміз!🎶 
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ... 28 Вперед