Бүгін ҚР Президенті Қ.Тоқаев ғылым мен білімнің орталығы -Алматыда
Осы айтулы күні мемлекет басшысымен кездесуге гимназияның 11 сынып оқушысы, гимназия парламентінің президенті , Қазақстан жас патриоттар академиясының мүшесі Нұрасыл Төлетай қатысты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шаһарды өркендетуге қатысты ой-пікірін айтып бірнеше бағытта атқарылуға тиіс жұмыстарға назар аударды. Әр қала тұрғынына жауапкершілік артып, сенім білдірді. Нұрасыл бүгінгі өсіп келе жатқан жаңа буын, ертеңгі ел тізгінің ұстар азамат болады деп үміт артамыз.