Алматы қаласы Білім басқармасының
"М.Базарбаев атындағы №138 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 377-44-24
Есепші бөлімі:
+7(727) 377-44-24
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 📚 «Халықаралық тәжірибе: Білім берудегі мотивация»
12
февраль
2026

📚 «Халықаралық тәжірибе: Білім берудегі мотивация»

📚 «Халықаралық тәжірибе: Білім берудегі мотивация»

Мектеп директорларының орынбасарларына арналған жаңа форматтағы қалалық семинар жоғары деңгейде өтті.
Қатысушыларды еуропалық стильдегі ерекше қабылдау — демде дайын болатын фото, хош иісті ыстық кофе, америкалық печенье және фортепианнодан төгілген нәзік вальс әуені — семинардың алғашқы сәтінен-ақ тамаша көңіл күй сыйлады.
Семинар модераторы — гимназия басшысы Медет Иманбекұлы Сингапур еліндегі тәжірибесімен бөлісіп, нақты практикалық мысалдар келтірді.
Спикерлер:
• Сапаргалиева Бақыт Ануарбековна (АҚШ)
• Еділ Гүлшайхан (Корея, Сингапур, Жапония)
• Ахметова Айжан Нұрғазыевна (Сингапур)
• Рейчел (АҚШ, Вирджиния штаты) — волонтер, гимназия оқушыларын тегін ағылшын тіліне дайындаушы. Өз сөзінде гимназия оқушыларының білім деңгейін жоғары бағалады.
Халықаралық сарапшылар:
– Жұлдыз Амангелді — Сингапур, NTU докторанты
– Дархан Пшкеева — Германия, «Болашақ» бағдарламасы
– Шолпан Жандосқызы — Қытай, Westlake University
Қалалық ғылыми-әдістемелік орталығының әдіскері Қаламқас Базарбековна, Бостандық ауданы білім бөлімінің басшысы Айгүл Жұмабековна және БББ әдіскері Бейнегүл Кунтовна семинардың мазмұнына жоғары баға беріп, өз пікірлерін білдірді.
Семинар халықаралық тәжірибе мен отандық білім беру арасындағы байланысты нығайтып, тың идеялар мен жаңа серпін сыйлады.  

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: