Алматы қаласы Білім басқармасының
"М.Базарбаев атындағы №138 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 377-44-24
Есепші бөлімі:
+7(727) 377-44-24
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздері-ұлттық мақтанышымыз
03
апрель
2014

Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздері-ұлттық мақтанышымыз

<!-- [if gte mso 9]> Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE

Елбасымыз :  «Мемлекеттік рәміздер – еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлектіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі. Мемлекеттік рәміздер- халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер» деп атап көрсетті.

Әрбір азат елдің өзіңнің тәуелсіздігін білдіретін басты белгілері болады.Солардың бірі мемлекеттік рәміздер. 1992 жылы 4 маусымда егемен еліміз Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері қабылданды. Олар Қазақстан Республикасының гимні, Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы, Қазақстан Республикасының туы.

 

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы»  ҚР Конститутциялық Заңының жүзеге асырылуын қадағалау үнемі жүргізіліп отырады.

 

ҚР мемлекеттік рәміздері мен еліміздің геральдикасының тарихына арналған шығармалар жарысы өткізіліп, 10-11 сынып оқушылары Р.Сарсебаев, Д. Алибековалар марапатталды. «ҚР Мемлекеттік рәміздері- әрбір қазақстандықтың абыройы мен айбары»-атты  дөңгелек үстел Әл-Фараби атындағы Қаз.ҰУ студенттерімен бірлесіп өткізілді.

 

«ҚР Мемлекеттік рәміздері – халықтың рухани бағдары»- тақырыбында «Жас ұлан» балалар ұйымының өткізуімен  сурет конкурсы өтті,жеңімпаздар марапатталды.

     Гимнім – айбыным,

Туым – қайратым- тақырыбында 1-4 сынып оқушыларымен жарыс өткізілді.«Сен ҚР рәміздерін білесің бе?»-сауалнамалар 1-9 сынып оқушыларымен өтіп, зерделеу жұмыстары жүргізілді.

                  

           

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: