Алматы қаласы Білім басқармасының
"М.Базарбаев атындағы №138 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 377-44-24
Есепші бөлімі:
+7(727) 377-44-24
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
30
октябрь
2025

Тамыз конференциясы

 2025–2026 жаңа оқу жылының бастамасы – жаңа мүмкіндіктердің бастауы!
Биылғы Тамыз конференциясы – білім беру саласының дамуына серпін берген тарихи қадам. Жаңа оқу жылының мақсаты айқын: жас ұрпаққа сапалы білім, асыл тәрбие беріп, оларды елдің ертеңін жарқын ететін тұлға ретінде қалыптастыру.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» деген идеясы – бізге бағыт беретін шамшырақ. Бұл үндеу әр ұстаздың жүрегіне жігер, еңбегіне мән, болашағына сенім сыйлады.
Біз, гимназия ұстаздары, осы бастаманы қолдай отырып, шәкірттеріміздің арманын қанаттандырып, ел игілігі үшін тер төгетін азамат болып өсуіне үлес қосамыз.
Жаңа оқу жылы –жаңа жетістіктердің жылы

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: