Алматы қаласы Білім басқармасының
"М.Базарбаев атындағы №138 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 377-44-24
Есепші бөлімі:
+7(727) 377-44-24
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Көрнекті сыншы, әдебиеттанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор Мүсілім Базарбаевтың туған күніне арналған«Өмірі өнеге өр тұлға» іс-шарасы
17
май
2023

Көрнекті сыншы, әдебиеттанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор Мүсілім Базарбаевтың туған күніне арналған«Өмірі өнеге өр тұлға» іс-шарасы

Бүгін гимназияда көрнекті сыншы, әдебиеттанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор Мүсілім Базарбаевтың туған күніне арналған«Өмірі өнеге өр тұлға»  іс-шарасы өткізілді.  Ғалым әрі ұлағатты ұстаз, ұлы даланың ұлы перзенті М.Әуезовтің шәкірті Мүсілім Базарбаевтың қызы академик, ғалым  Зейнеп Мүсілімқызы, М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері Гулжахан Орда  ардагер ұстаздар,оқушылармен өткен дөңгелек үстелге қатысып, келелі мағұлматтармен бөлісті. Танымдық ой-пікір алмасқан дөңгелек үстел оқушылардың шығармашылық музыкалық бағдарламасымен жалғасты. Асылдың сынығы Зейнеп Мүсілімқызы әкесінің атымен аталатын гимназия оқушыларының Халықаралық, Республикалық деңгейде білім, өнер, спорттан жеткен жетістігіне өз ризашылығын білдірді. Жылдағы дәстүр бойынша гимназияның білімді оқушылары арнайы Мүсілім Базарбаев степендиясына ие болды. Қазақ тілі мен әдебиеті, тарихтан өткен олимпиада жеңімпаздары құрмет грамотасымен марапатталды.

https://www.instagram.com/reel/CsTQ_G-sStp/?igshid=MTIyMzRjYmRlZg==

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: