Алматы қаласы Білім басқармасының
"М.Базарбаев атындағы №138 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 377-44-24
Есепші бөлімі:
+7(727) 377-44-24
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Мерейлі отбасы»
30
октябрь
2025
«Мерейлі отбасы»
📣 «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының аудандық кезеңінде үлкен қуаныш! Гимназия директоры Медет Иманбекұлы отбасымен бірге Бас жүлдені иеленді. 🏆 Бұл жеңіс – адамгершілік құндылықтарды дәріптеу, отбасының оң имиджін қалыптастыру және отбасы мәртебесін арттыру жолындағы лайықты еңбек пен үлгінің айқын көрінісі. 👏 Құттықтаймыз! Медет Иманбекұлының отбасы баршаға өнеге болып, бақыт пен берекенің символына айнала берсін! 
Зульфия Туремуратовна-«Қазақстанның құрметті қызметкері»
30
октябрь
2025
Зульфия Туремуратовна-«Қазақстанның құрметті қызметкері»
Математика пәнінің ұстазы Зульфия Туремуратовнаны шын жүректен құттықтаймыз! 🎉 Ұстазымыздың білім беру саласында талмай еткен еңбегі еленіп, «Қазақстанның құрметті қызметкері» атағына ие болуы – зор абырой, үлкен мәртебе. Бұл марапат – Зульфия Туремуратовнаның шәкірт тәрбиелеудегі адалдығы мен кәсіби шеберлігінің, талмай төккен еңбегінің айқын жемісі. 👏 Апайымызға денсаулық, шығармашылық табыс, білім биігін бағындырар жаңа жетістіктер тілейміз! 🌺
Америка Құрама Штатында кәсіби біліктілікті арттыру тағылымдамасынан өткен Бақыт Ануарбековна
30
октябрь
2025
Америка Құрама Штатында кәсіби біліктілікті арттыру тағылымдамасынан
Америка Құрама Штатында кәсіби біліктілікті арттыру тағылымдамасынан өткен Бақыт Ануарбековна курсты сәтті аяқтап, сертификат иегері атанды! 🏅📜 Бұл — тек жеке жетістік емес, ұстаздық жолдағы үлкен жеңіс, жаңа белес! 🌟 Сіздің табандылығыңыз бен еңбегіңіз жас ұрпаққа шабыт берері сөзсіз. 🙌 👏 Еңбегіңізге жеміс, шығармашылық табыс, асқақ абырой тілейміз!
Алматы қаласы күніне орай Бостандық ауданы әкімдігінің Алғыс хаты
30
октябрь
2025
Алматы қаласы күніне орай Бостандық ауданы әкімдігінің Алғыс хаты
Әскербек Ақжолтайұлы қаланың көркеюіне қосқан еңбегі ерекше бағаланып, Алматы қаласы күніне орай Бостандық ауданы әкімдігінің Алғыс хатымен марапатталды. Бұл марапат – еңбектің еленуі мен жаңа жетістіктерге жетелейтін үлкен ынталандыру! 🌟 
"Жігіт сұлтаны" байқауы
19
январь
2024
"Жігіт сұлтаны" байқауы
Құттықтаймыз! Ер жігітке тән барлық қырымен танылған Жанатай Әлихан аудандық "Жігіт сұлтаны" байқауында үздіктер қатарында жүлделі орынға ие болды. Біз сенімен мақтанамыз.
"Абай әлемі" байқауы
19
январь
2024
"Абай әлемі" байқауы
Құттықтаймыз! Мырзалы Ерназар аудандық "Абай әлемі" байқауының жүлдегері
"ПЕДСТАРТ" республикалық қашықтық олимпиадасы
17
январь
2024
"ПЕДСТАРТ" республикалық қашықтық олимпиадасы
Құттықтаймыз!!! Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған "Педстарт" республикалық қашықтық олимпиадасының жүлдегерлер  
"Серебряная снежинка"
14
январь
2024
"Серебряная снежинка"
Құттықтаймыз!!! Қалалық “ Серебряная снежинка” мұзда мәнерлеп сырғанаудан Қамысбай Раяна 1-орынға ие болды. Жаттықтырушысы гимназия түлегі Али Ильяс. Біз гимназия шәкірттерімен мақтанамыз.