13
май
2026
«SKATE SHYMKENT 2026» халықаралық турнирі
Шымкент төрінде 3-8 мамыр аралығында өткен «SKATE SHYMKENT 2026» халықаралық турнирі Алматы облысының жас жұлдыздары үшін нағыз жеңіс шеруіне айналды! Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан секілді мемлекеттерден жиналған 300-ден астам кіл мықтының арасында біздің аруларымыз мұз айдынын бағындырып, облыс абыройын асқақтатты.
Мұз айдынында ертегідей өнер көрсетіп, жүлделі орындарды жұлып алған спортшыларымызды мақтанышпен таныстырамыз:
🥇 Қамысбай Нұрия - СШҮ (Спорт шеберіне үміткер) санатында бақ сынап, нағыз кәсібиліктің үлгісін көрсетті. Нұрияның әрбір қимылынан жоғары талғам мен мінсіз техника есіп тұрды. Қарсыластарынан оқ бойы озық шығып, алтын тұғырдан көрінген Нұрияның бұл жеңісі - үлкен еңбек пен талмас қанаттың жемісі!
🥈 Қамысбай Раяна - 2-ші жасөспірімдер санатында күміс жүлдені иеленді. Раяна мұз үстінде өзін өте сенімді ұстап, қиын элементтерді асқан шеберлікпен орындап шықты. Халықаралық деңгейдегі жүздеген қатысушының арасынан суырылып шығып, екінші орын алу - тек мықтылардың қолынан келетін іс!