«М.Базарбаев атындағы №138 гимназия»КММ Адалдық сағаты
13.09.2022ж күні Алматы қаласы, Бостандық ауданы М.Базарбаев атындағы №138 гимназияда «Адалдық –адамгершілік шыңы» тақырыбында 2022-2023 оқу жылына арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы кешенді жұмыс жоспары негізінде адалдық сағаттары өтті. Адалдық сағатына «Саналы ұрпақ» республикалық жобалық кеңсесінің басшысы - Қ.А.Токушев, Бостандық ауданы Білім бөлімінің басшысы А.Ж.Қасымбек, гимназия директоры А.С Елеманова, ардагер ұстаздар қатысты қатысты. Адалдық алаңында «Саналы ұрпақ» республикалық жобалық кеңсесінің басшысы Қайыржан Ахметбекұлы оқушыларға саналы ұрпақ тәрбиесінде адалдық, еңбекқорлық пен отаншылдықтың ең асыл құндылық екендігіне тоқталып, сыбайлас жемқорлыққа қатысты тың ақпараттармен бөлісті.
Адалдық сағаты 2-11 сыныптар аралығында өтті.

