Алматы қаласы Білім басқармасының
"М.Базарбаев атындағы №138 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 377-44-24
Есепші бөлімі:
+7(727) 377-44-24
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Гимназия жетістігі - Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналады.
02
ноябрь
2016

Гимназия жетістігі - Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналады.

М.Базарбаев атындағы №138 гимназияда Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 28 наурыздағы № 220 Жарлығы, Алматы қаласы Әкімінің 2016 жылғы 20 қазандағы тізбекті кестесінің негізінде "25 жұлдызды күн" –тақырыбында Тәуелсіздік 25 жылдығын мерекелеуге арналған жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Оқу жылының алғашқы күні «Мен -өз Отанымның патриотымын»-тақырыбында салтанатты жиынмен басталды. Барлық сыныптарда «Мен -өз Отанымның патриотымын» - тақырыптық сынып сағаттары жоғары деңгейде өткізілді.
Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен өткен «Спортық Алматы»- спорттық жарыстар балаларға үлкен қуаныш сыйлады.
Тілдерді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын кеңінен насихаттауға және Мемлекет басшысының «100 қадам» Ұлт жоспарында алға тартылған үш тілде білім беру саясатын ілгерілетуге арналған «Тіл әлемі- Нұрлы Әлем » -қазақ тіліі апталығында «Қазақстан- татулық пен бірліктің Отаны» -өнер фестивалі, оқушылардың ой - өрісін, тіл байлығын дамыту, шапшаң ойлауға, ойын жинақтап жеткізе білуге үйрету, сөйлеу тілін, ой жүйелеу шеберлігін дамыту мақсатында өткен білімділер сайысы- оқушылардың шығармашылығын шыңдай түсті.
Мемлекет басшысының әлемдік тарихтағы теңдесі жоқ шешіміне – ядролық қарудан бас тартуына және Семей ядролық полигонының жабылуына арналған «Ядролық қарусыз әлем-Бейбітшілік тірегі»-сурет конкурсында үздік шыққан суреттер «Ұлан» газетіне жолданды. Тәуелсіздікті нығайтудағы және болашақ Қазақстанның табысты дамуындағы жастардың рөлін көрсетуге бағытталған «Жас Ұлан-нұрлы болашаққа»- бейнетсапалар жарысына гимназияның «Жас Ұлан» тобы мүшелері қатысып, марапатталуы еліміздің болашағы-жастардың зияткерлігінің айқын көрнісіндей болды.
2016 жылдың 16 желтоқсанында - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы. Бұл мемлекетіміз бен халқымыз үшін ең басты әрі құнды мереке болмақ.
Гимназияда ұйымдастырылатын әрбір іс-шара оқушыларды бірлікке, ынтымаққа, келешекке деген нық сенімді қалыптастыруға шақырып, «Мәңгілік Ел» ұрпағына жарқын болашаққа бағдар береді.
Мәні зор іс-шараларымыз игілікті, мерейтойларымыз мәртебелі болғай!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: