Алматы қаласы Білім басқармасының
"М.Базарбаев атындағы №138 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 377-44-24
Есепші бөлімі:
+7(727) 377-44-24
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мемлекет, қоғам қайраткері рухы биік ұлт ұстазының ерең еңбегі өскелең ұрпаққа үлгі, өнеге бола бермек.
26
сентябрь
2022

Мемлекет, қоғам қайраткері рухы биік ұлт ұстазының ерең еңбегі өскелең ұрпаққа үлгі, өнеге бола бермек.

26.09.2022 жылы М. Базарбаев атындағы N138 гимназияда қазақ тілі мен әдебиеті онкүндігі аясында ұлт ұстазы, Алаш ардақтысы Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған «Ұлттық рухтың ұлы тілі» тақырыбында филология ғылымдарының кандидаты, Мемлекеттік тілді дамыту институтының атқарушы директоры Қапалбек Бижомарт Сейсенбекұлымен кездесу өтті. Ардагер ұстаздар, жоғары сынып оқушылары қатысқан тағылымы мол кездесу жоғары деңгейде ұйымдастырылды, қатысушылар ризашылықтарын білдірді. Әрбір дәуірдің мәні мен ерекшелігі жеке тұлғалар арқылы анықталады.
Мемлекет, қоғам қайраткері рухы биік ұлт ұстазының ерең еңбегі өскелең ұрпаққа үлгі, өнеге бола бермек.   

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: