15
декабрь
2022
Мектеп оқушысының кітап оқу іс – әрекетін дамыту Қазақстандағы білімді жаңғыртуда басым бағыттардың бірі болып табылады.
Бүгін Тәуелсіздік мерекесіне арналған оқырмандар конференциясы өтті. Гимназия басшысы Алия Сейдекәрімқызы қатысушыларды мерекемен құттықтап, өз елінің патриоттары болатындықтарына сенім білдірді. Оқушылар спикер ретінде Алаш арыстарының еңбектеріне тоқталды. Оқырмандар арасында жүргізілген ой-талқыдағы тың деректер оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырғаны байқалды. Іс-шара өз нәтижесін берді.