Алматы қаласы Білім басқармасының
"М.Базарбаев атындағы №138 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 377-44-24
Есепші бөлімі:
+7(727) 377-44-24
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Гимназиямыздың бастауыш сынып мұғалімі Байжанова Айжан Кустутиновна республикалық «Алтын тұғыр» VII математикалық олимпиадасының аудандық (қалалық) ке
11
ноябрь
2025
Гимназиямыздың бастауыш сынып мұғалімі Байжанова Айжан Кустутиновна
Гимназиямыздың бастауыш сынып мұғалімі Байжанова Айжан Кустутиновна республикалық «Алтын тұғыр» VII математикалық олимпиадасының аудандық (қалалық) кезеңінде I дәрежелі дипломмен марапатталды! 🥇 Бұл жетістік – ұстаздың үздік кәсіби білімі мен еңбегінің, шәкірттеріне деген сүйіспеншілігінің нәтижесі. Айжан Кустутиновнаны шын жүректен құттықтаймыз! Шығармашылық шабыт, биік белестер мен жаңа жеңістер тілейміз!  
Үздік мұғалім
30
октябрь
2025
Үздік мұғалім
🎉 Қуанышты жаңалық! Қала төрінде «Үздік мұғалім» ретінде суреті бейнеленген билборд орнатылған Махаева Айтбала Шайымқұловнаны шын жүректен құттықтаймыз! 🌟 Сіз – білім мен тәрбиенің шамшырағы, шәкірттерге бағыт-бағдар беретін нағыз ұстазсыз. Гимназиямыздың мақтанышысыз! 💐👏 
«Мерейлі отбасы»
30
октябрь
2025
«Мерейлі отбасы»
📣 «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының аудандық кезеңінде үлкен қуаныш! Гимназия директоры Медет Иманбекұлы отбасымен бірге Бас жүлдені иеленді. 🏆 Бұл жеңіс – адамгершілік құндылықтарды дәріптеу, отбасының оң имиджін қалыптастыру және отбасы мәртебесін арттыру жолындағы лайықты еңбек пен үлгінің айқын көрінісі. 👏 Құттықтаймыз! Медет Иманбекұлының отбасы баршаға өнеге болып, бақыт пен берекенің символына айнала берсін! 
Зульфия Туремуратовна-«Қазақстанның құрметті қызметкері»
30
октябрь
2025
Зульфия Туремуратовна-«Қазақстанның құрметті қызметкері»
Математика пәнінің ұстазы Зульфия Туремуратовнаны шын жүректен құттықтаймыз! 🎉 Ұстазымыздың білім беру саласында талмай еткен еңбегі еленіп, «Қазақстанның құрметті қызметкері» атағына ие болуы – зор абырой, үлкен мәртебе. Бұл марапат – Зульфия Туремуратовнаның шәкірт тәрбиелеудегі адалдығы мен кәсіби шеберлігінің, талмай төккен еңбегінің айқын жемісі. 👏 Апайымызға денсаулық, шығармашылық табыс, білім биігін бағындырар жаңа жетістіктер тілейміз! 🌺
Америка Құрама Штатында кәсіби біліктілікті арттыру тағылымдамасынан өткен Бақыт Ануарбековна
30
октябрь
2025
Америка Құрама Штатында кәсіби біліктілікті арттыру тағылымдамасынан
Америка Құрама Штатында кәсіби біліктілікті арттыру тағылымдамасынан өткен Бақыт Ануарбековна курсты сәтті аяқтап, сертификат иегері атанды! 🏅📜 Бұл — тек жеке жетістік емес, ұстаздық жолдағы үлкен жеңіс, жаңа белес! 🌟 Сіздің табандылығыңыз бен еңбегіңіз жас ұрпаққа шабыт берері сөзсіз. 🙌 👏 Еңбегіңізге жеміс, шығармашылық табыс, асқақ абырой тілейміз!
Алматы қаласы күніне орай Бостандық ауданы әкімдігінің Алғыс хаты
30
октябрь
2025
Алматы қаласы күніне орай Бостандық ауданы әкімдігінің Алғыс хаты
Әскербек Ақжолтайұлы қаланың көркеюіне қосқан еңбегі ерекше бағаланып, Алматы қаласы күніне орай Бостандық ауданы әкімдігінің Алғыс хатымен марапатталды. Бұл марапат – еңбектің еленуі мен жаңа жетістіктерге жетелейтін үлкен ынталандыру! 🌟 
Адал азамат
30
октябрь
2025
Адал азамат
 Бүгін гимназияда “Адал азамат” бірытұтас тәрбие бағдарламасы талқыланды. Бағдарлама аясында жас ұрпақ бойында адалдық, әділдік, жауапкершілік және отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастырудың өзектілігі сөз болды. Жиынға директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысып, бағдарламаны оқу-тәрбие процесіне енгізу жолдары қарастырылды. ✨ Басты мақсат – қоғамға пайдалы, елжанды, адал азамат тәрбиелеу. 
Әдістемелік нұсқаулықпен танысу
30
октябрь
2025
Әдістемелік нұсқаулықпен танысу
📘 2025–2026 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқаулықпен танысу сәті Бүгін гимназия ұжымы жаңа оқу жылына арналған Әдістемелік нұсқаулықпен танысты. Бұл құжат – алдағы оқу-тәрбие үдерісінің негізгі бағыттарын айқындайтын, мұғалімдерге кәсіби қолдау көрсететін маңызды құрал. Ұжым талқылау барысында жаңа оқу жылының мақсат-міндеттерін саралап, оқушылардың сапалы білім алуына бағытталған тың идеялармен бөлісті. 📚 Жаңа оқу жылы табысты бастау үшін мұндай әдістемелік жұмыстардың маңызы зор!