«Өнерлі ұстаз»
Құттықтаймыз! Алматы қаласы музыка пәні мұғалімдерінің «Өнерлі ұстаз» байқауының жеңімпазы – Назым Ерболатқызы! Шәкірттері халықаралық ареналарда өнер көрсетіп жүрген, өнер мен тәрбиені қатар ұштастыра білген «Мұрагер» ансамблінің жетекшісі, ақын, музыка пәнінің кәсіби, білікті маманы – Назым Ерболатқызының бұл жеңісі маңдай тер мен тынымсыз еңбектің жемісі. Ұлттық өнерді ұлықтап жүрген еңбегіңіз әрдайым бағалана берсін! Жаңа шығармашылық белестер мен толағай табыстар тілейміз!🎶