24
ноябрь
2025
20 қараша — Халықаралық француз тілі мұғалімі күні.

Биыл әлемде бұл күн жетінші рет аталып өтуде. Мерекенің бастамашысы — Франция Президенті Эммануэль Макрон. Мерекеге орай Қазақстандық француз тілі мұғалімдері қауымдастығы мен гимназиямыз халықаралық жобалар аясында білім беру және мәдени онлайн-офлайн іс-шаралар ұйымдастырды.
Шараға Бас консул Максим Жеренже, мәдениет және ынтымақтастық жөніндегі кеңесші Себастьян де Куртуа, Сорбонна-Қазақстан институтының директоры Аньес Буссе, Алматы қаласы Білім басқармасының өкілдері және Халықаралық Француз тілі мұғалімдері федерациясының президенті Синтия Эйд қатысты.
Кіре беріс фойеде жасалған шығармашылық аллея, роялдан төгілген классикалық әуен және мәжіліс залына көтерілгенде қонақтарды қарсы алған күмбірлеген күй — ұлттық мәдениет пен француз тілінің үйлесімін тамаша айқындады. Ардагер ұстаз, француз тілі мұғалімі Сыпайы Жолсейітова қонақтарға шашу шашып, аналық ақ батасын беріп, шараның рухани мазмұнын тереңдете түсті. Гимназия басшысы Медет Иманбекұлы білім саласындағы гимназияның жетістіктерімен таныстырып, құттықтау сөз арнады. Гимназиядағы француз тілі кабинетінің заманауи мүмкіндіктеріне де қонақтар таңданысын жасырмады. Француз тілінде өз өнерлерін көрсеткен шәкірттеріміздің де жұлдызы жоғары болды.